KZ
Өскемен
-4°
плотный туман жел 1 м/с, ОШ
485.04 525.98 5.04

ШҚО-да сарбаздарды ұрып-соққан офицер сотталды

20.04.2019, 16:29 120

ШҚО-да офицер қатардағы сарбаздарды ұрып-соққаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Өскемен гарнизонының әскери сотының баспасөз қызметі мәлімдейді.

Сот үкімі ҚР ҰҚК ШҚ 2017 әскери бөлімінің ғимаратында жеке құрамның қатысуымен шығарылды.  Айыпкер – аға лейтенант шеніндегі "Хабарасу" шекаралық заставасының басшысы. Оған билігін асыра қолданды деген айып тағылды.

Анықталғандай, ол заставаның қатардағы жеті сарбазын себепсіз тұрақты түрде ұрып-соғады. Сондай-ақ, тағы екі сарбазға да күш көрсетіп, түрлі бұйрықтарды орындатқан.

Сот шешімі бойынша, айыпкер кінәлі деп табылып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив