KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность Штиль
479.05 534.57 5.17

Глубокое тұрғыны полицейді ұрып-соққаны үшін 5 жылға сотталды

15.04.2022, 11:48 137

Глубокое ауданының 34 жастағы тұрғыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабында жазылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. 

2021 жылғы 23 наурызда 30 жастағы полиция қызметкері қызметтік міндеттерін орындау кезінде ер адамды медициналық куәландыруға жеткізу үшін шақыртуға келген. Алайда, масайған тұрғын полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындаудан бас тартып, металл сыммен едәуір күшпен әдейі полиция қызметкерінің ішіне соққы беріп, осылайша оған дене жарақатын түсіріп, киім-кешегін зақымдаған.

- Полицейдің кәсіби іс-әрекеті арқасында қаскүнем қарусыздандырылып, ұсталды. Сот үкімімен оған 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ағымдағы жылдың 3 айында ШҚО ПД тергеу бөлімшелерінің өндірісінде полицейлерге қарсылық көрсету фактісі бойынша қозғалған 9 қылмыстық іс болды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив