Үкіметтік делегация Семейдің әлеуметтік нысандарында болды
Үкіметтік делегация Семей қаласының әлеуметтік нысандарында болды, деп хабарлайды Алтайньюс.
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова бастаған үкіметтік делегация Семей қаласында болды. Үкімет мүшелері қаланың оқу және емдеу орындарына, сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, мекемелердің жұмысымен жақынырақ танысты.
Іс-сапар барысында қала тұрғындарымен кездесу өтті. Үкімет мүшелері ҚазИГЗУ ғимаратына жиналған жұртшылыққа "Nur Otan"партиясының XVIII съезінде айтылған Елбасының "Әлеуметтік қамқорлық" жаңа әлеуметтік шаралары туралы түсіндірді.
- Біздің жұмыстық топ құрып еліміздің өңірлерін аралаудағы мақсатымыз Елбасының негізгі әлеуметтік шаралары жайлы түсіндіру,- деді Г.Әбдіқалықова. - Өздеріңіз білетіндей, бағдарламада аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көп көңіл бөлінеді. Бұл санат бойынша елімізде 230 мың адам бар.
Кездесуге қатысқан алты баланың анасы Анара Сүлейменова көп балалы аналарды қолдау шараларың уақтылы қабылдаған Елбасыға алғысын білдірді.
- Бүгін бізді толғандыратын мәселелер шешімін тауып жатқанын сезінеміз, - деді А. Сүлейменов. – Мен өз атымнан емес, Семей қаласының мыңдаған аналарының атынан келіп отырмын. Бізге Даниал Кенжетайұлы, қала әкімі және басқарма басшылары тарапынан тек материалдық емес, моральдық және психологиялық көмек көрсетіледі.
Үкімет мүшелері жаңа әлеуметтік шаралар туралы айтып қана қоймай, Семей қаласындағы әлеуметтік нысандар жайлы сөз қозғады.
- Мектептер заманауи екенін айтқым келеді, - деді ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова. - Мен бүгін таңертеңнен 1924 жылы ашылған мектепте болдым. Бұл ғимарат өзі ескі болғанымен мазмұны жаңа. Дәстүрді жаңа технологиялармен біріктіре алған
- Біз қазір емханалардағы жүктемені төмендетумен айналысудамыз, - деді сөз кезегін алған ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов - 2 жыл бұрын бір дәрігерге 3 мың адам тіркелсе, қазір 1700 нормативін қабылдадық. Егер жүктеме аз болса, дәрігерлерде емдеумен айналысатын уақыт көп болады. Бұл сапалы қызметке жету жолы.
Сонымен қатар, үкіметтік делегация Шығыс Қазақстан облысында шығарылған "Абай әлемі" кітап сериясымен танысты. 10 автордың 16 кітабы кірген шығармалар, жазушылар мен ақындар өміріндегі жаңа деректерден сыр шертеді.
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев көп балалы отбасыларды аралады. 18 бала тәрбиелеп отырған Кандыба әулетінде болған лауазымды қонақтар , жақында отбасыға шағын автобуспен жер телімі берілетінін айтты. Отбасы басшысы, Даниал Ахметовке тұрақты қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, жылы лебізін білдірді.
Сондай-ақ үкімет мүшелері көп балалы ана Индира Отырбаеваның үйінде болды. Жаз мезгілінде бұл отбасы ,кәсіпкерлердің бірі салған жаңа үйде қоныс тойын атап өтеді. Үкімет мүшелері отбасын жаңа қоныстарымен құттықтап, амандық тіледі.