KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Еуропа елдері Lada маркалы көліктерден құтылып жатыр

15.04.2019, 05:12 142

Еуропа елдері экологиялық талапқа қайшы келетін Lada маркалы көліктерді, кешіріңіз, "артынан теуіп" қуып шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы kolesa.kz сайты жазған еді. Еуропа елдері Lada маркалы көліктерді нарыққа кіргізуді тоқтатпақ. Айтуларынша, бұл көліктердің қозғалтқышын заман талабына сай жөндеу үшін көп қаражат керек. Олар өзіне лайық бағадан қымбатқа сатылып жатқандықтан, кеткен шығынды мүлде ақтамайды. Еуропа бұл шешімге күзде Euro 6d-TEMP стандартын қатайтқаннан кейін келген еді.

Нық сеніммен айтар бір жаңалық, Германия мен Австрия Lada көліктерін кіргізуді сәуір айының ортасында біржола тоқтатады. Ондағы диллерлер өздерінде қалған көліктерді сатып тауысқанша асық болып отыр екен. Неміс БАҚ өкілдері солай жазды.

Енді Lada-ның Венгрия, Болгария және Литва елдеріндегі жағдайы не болары қарастырылып жатыр. Уақыт еншісінде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив