Өскеменде пойыз бен автобустың соқтығысуы алды алынды (Видео)

00:00
00:00
Өскеменде полиция қызметкерлері мен қала тұрғындарының шұғыл әрекетінің арқасында теміржолда орын алуы мүмкін төтенше жағдайдың алды алынды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жолаушылар автобусы теміржол өткелінде кенеттен істен шығып, рельсте тұрып қалған. Дәл сол сәтте үлкен жылдамдықпен пойыз жақындап келе жатты.
Қауіпті жағдайды байқаған Өскемен қалалық ПБ ППБ қызметінің аға инспекторлары Тимур Абдрахманов пен Раджан Базарбекұлы қала тұрғындарымен бірге шұғыл көмекке ұмтылды. Бірлесе әрекет еткен олар автобусты теміржолдан жедел итеріп шығарып, ықтимал апаттың алдын алды. Полицейлер мен тұрғындардың батыл әрі жедел қимылының нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл оқиға әрбір секундтың маңызды екенін тағы бір дәлелдеді,- дейді ШҚО ПД.
Оқи отырыңыз