Қазақстандықтар автокөлікке nur-номерді қайдан алып жүр?
«Енді тудың төменгі жағында nur сөзі жазылған көлік нөмірлерін сатып алуға болады. Ол үшін арнайы ХҚКО-ға жүгініп, өтінім рәсімдеп және 143 925 теңге көлемінде мемлекеттік баж салығын төлеу қажет». Аталмыш ақпарат интернет желісінде желдей есіп жүр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ІІМ Әкімшілік полиция комитеті осыған байланысты түсініктеме берді. Тәртіп сақшылары хабарламаның шындыққа еш жанаспайтынын растап отыр.
Естеріңізде болса, бұған дейін желіде «Нұр» қосымшасы бар жеке куәліктер пайда болған. ІІМ өкілдері ол ақпаратты да жоққа шығарды.
Оқи отырыңыз
"Зейнетке шығу жасы төмендейді": министрлік түсініктеме бердіҚазақстандықтардың тегіне «Нұр» қосыла ма?Салықты төлеу мерзімінің ауысуы туралы алып қашпа сөздер расталмадыҚР БҒМ: ЖОО қызметкерлеріне арналған жеңілдетілген баспана жайлы ақпарат — фейкЖеліде фейк тарауда: «Дәріханаларда кісі өлтіретін парацетамол сатылып жатыр»