KZ
Өскемен
+5°
небольшой проливной дождь жел 3 м/с, СБ
489.36 533.45 4.99

Қазақстандықтардың тегіне «Нұр» қосыла ма?

31.03.2019, 18:01 154

Әлеуметтік желілерде Шучинск қаласының "Стабильная газета" басылымында жарияланған мақаланың үзіндісі таралып, елді елең еткізген еді. Мақалада әр қазақстандықтың тегіне «Нұр» сөзі қосылатын болды деп жазылған. Осыған қатысты Ақпарат министрлігі өз жауабын берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


-Индустрия және цифрлық даму министрлігі шығарған қаулыға сәйкес 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап қазақстандықтардың тегіне «Нұр» сөзі қосу міндеттеледі. Осылайша, Ахметов - Нұр-Ахметов, Иванов - Нұр-Иванов, Ким – Нұр-Ким болады, - деп көрсетілген мақала мәтінінде.


Бұл қосымша қазақстандықтар үшін табыс символы әрі әлемде танымал болу үшін қажет деп түсіндірілген.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұл жаңалықтың фейк, яғни жалған екенін айтып отыр.


-Біріншіден, Қазақстанда Индустрия және цифрлық министрлігі деген жоқ. Осыдан-ақ, бұл жаңалықтың жалған екенін аңғаруға болады. Екіншіден, белгісіз тұлғаның сөзі келтірілген. Егер қаулы шығарылған болса, онда бұл қаулы жайлы нақты мемлекеттік органның өкілі түсініктеме берер еді, - деп түсіндірді министрліктің баспасөз хатшысы Айжан Мусинова.


Демек, бұл Күлкі күніне орай ойлап табылған әзіл болған көрінеді.

 

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив