KZ
Өскемен
-9°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

ШҚО-ның тағы бір ауылын су басты (фото)

29.03.2019, 04:11 226

 

Кеше Бесқарағай ауданында екі үй мен оннан астам үйдің маңын су басты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Куликовский өзенінде су деңгейі күрт көтерілген екен.

 

ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, су басқан аумақ өзенге жақын орналасқан. Ақпан айында тасқынның алдын алу мақсатында өзеннің бойына  екі шақырымдай жерге топырақ үйілген болатын. Алайда бұл шара су басудан қауіпін сейілте алмады.

 

-Су топырақ үйіндісінің төменгі қабаты арқылы өтіп, екі үйді басты, - деп мәлімдеді ТЖД. – Үйлердің біреуі бос тұрған. Екінші үйдің тұрғындарына уақытша баспана берілді.

 

Жер асты суы тағы 13 үйдің ауласына жайылып кетіпті.  Суды сору жұмыстарын Семей мен Бесқарағай ауданының өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері жүргізуде. Қосымша Өскемен қаласынан құтқарушылар көмекке жіберіліп отыр.

 

Бүгін Кривинка және Семиярка ауылдарының маңында Ертіс өзенінде мұз жару жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

 


Айта кетсек, кеше әлеуметтік желіде Шемонаиха ауданының Убинка ауылын су басып жатқаны туралы хабар тараған болатын.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу