Бесқарағай ауданын әлі су басуда
ШҚО-ның Бесқарағай ауданын әлі су басуда. Жеті адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
-Қазіргі таңда Октябрьский, Молдажанов және Гоголь көшелерінде үш үй мен 59 аула аумағын су басқан. Куликовский өзенінен суды бұру үшін үш терең ор қазылды. Мұндағы жағдай тұрақтанды, бірақ енді Камышовский өзенінде су деңгейі көтеріліп келеді, - деп мәлімдеді ШҚО Төтенше жағдай департаментінен.
Бесқарағайда ауыл колледжінің, орта мектептің және балабақшаның базасында үш эвакуациялық пункт ұйымдастырылып отыр. Сыйымдылығы - 250 адам.
Оқи отырыңыз