KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
491.71 529.97 5.05

Қазақстанда әлеуметтік көмек алу жеңілдей түседі

13.03.2019, 10:09 184

 

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап аз қамтылған отбасыларына арналған мекен-жайлық әлеуметтік көмекті рәсімдеу үшін қажет құжаттар тізімі қысқарады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Қазіргі таңда аталмыш құжаттар пакеті сегіз пункттен тұрады. Әлеуметтік көмекті рәсімдеу үшін отбасындағы әр адамның жеке бас куәлігі, жеке қосалқы шаруашылығы жөнінде мәліметтер, банктегі шотының нөмірі, балалардың туу (қайтыс болғаны) туралы куәліктері, неке қию (бұзу) куәлігі, жұмыс іздеп жүрген тұлға ретінде тіркелуге берілген өтініш, еңбек қызметін дәлелдейтін құжат (бар болса), білімі, біліктілігі, арнайы білімі мен кәсіби даярлығы туралы құжаттар (бар болса) қажет.

 

Енді бұл тізім бір құжатқа дейін қысқартылмақ, яғни әлеуметтік көмекті рәсімдеу үшін болашақта тек жеке бас куәлігі ғана қажет болмақ. Қалған құжаттарды жергілікті атқарушы органдар жинақтайды. Отбасы туралы барлық мәліметтер "Е-халық" базасына енгізіледі.

 

Сондай-ақ, 1 шілдеден бастап мекен-жайлық әлеуметтік көмектің мөлшері 20 789 теңгеге дейін көтеріледі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив