KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
475.39 513.37 5.4

Өскемен тұрғыны мейрам күні көпірден секіріп кетті

11.03.2019, 06:11 134

 

Өскеменде 8 наурыз күні жас әйел Үлбі көпірінен өзенге секіріп кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Суға кетіп, өмірмен қош айтыспақ болған әйелді полиция қызметкерлері дер кезінде құтқарып қалған екен.

 

Оқиға күндіз сағат 11.00 шамасында болған. "Қыран-79" патрульді экипажының қызметкерлері Үлбі көпірінің астындағы жол айырығынан өтіп бара жатып, өзеннің ортасынан адамды байқап қалады.

 

-Полиция капитаны Дәурен Оразбаев пен кіші лейтенант Азамат Жылқышинов өз күштерімен әйелді судан алып шығыпты, деп мәлімдейді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Қазір оған дәрігерлер мен психолог мамандар көмек көрсетуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив