Екі жігіт Үлбі көпірінен секіріп кетті (ВИДЕО)
Үлбі көпірінен секіріп кеткен екі жігіттің бейнежазбасы Instagram әлеуметтік желісінде жүр. Видеодан екі бозбала бұл әрекеттерін бейнекамераға әдейі түсіргенін аңғаруға болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Олар бірінен кейін бірі көпірдің жақтауына шығып, суға өзенге секіреді. Жігіттер ағыспен күресіп, жағаға жақындауға тырысады. Бейнежазбада біреуі жағаға жақындағанын көре аламыз. Ал екіншісінің жайы белгісіз.
Оқиға ШҚО Полиция департаментінің ғимаратына жақын маңда болған.
Ал Өскемен қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі экстремал жігіттердің әрекеті заңға қайшы келмейтінін айтып отыр.