KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 2 м/с, З
478.96 533.03 5.22

ШҚО-да сатылымға мерзімі өткен азық-түлік өнімдері шығарылған

2.03.2019, 14:09 201

Қоғамдық денсаулықты қорғау қызметі аймақтағы дүкендердің сөрелерінен мерзімі өткен азық-түлік өнімдерін анықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Сауда орындарындағы қаңтар айында  жүргізілген ревизия бойынша, ШҚО-ның санитар мамандары аса жақсы емес қорытындыға келіп отыр. Олардың айтуынша, аймақтың дүкендерінде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азық-түлік өнімдерінің саны арта түскен.

 

Өнім қауіпсіздігінің мониторингі аясында 45 сауда, қоғамдық тамақтану және дәріхана нысандарынан 325 сынама алынған. 48 сынама бойынша техникалық регламенттердің талаптарына сәйкессіздік анықталып отыр.

 

Ең жиі таралған бұзушылық – тауардағы таңбалаудың сәйкессіздігі, яғни мемлекеттік тілдегі ақпараттың, ресми бірыңғай белгісінің және дайындалған мерзімінің көрсетілмеуі.

 

Айта кетсек, тауардың дайындалған мерзімі Алматы және Семей қаллларында шығарылған отандық өнімдерде көрсетілмеген. Өндірушілерге айыппұл салынып, бұл өнімдер толық сатылымнан алынған екен.

 

Сондай-ақ, қаңтарда жарамдылық мерзімі өткен азық-түліктерді сату фактілері де жиілей түскен.

 

Ең көп бұзушылықтар Зайсан, Риддер қалалары мен Күршім, Жаңа Хайрузовка, Ақсуат ауылдарынан анықталыпты.

 

Мадина ҚАЙНАРОВА

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив