KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 1 м/с, С
491.71 529.97 5.05

ШҚО-да сапасыз азық-түлік анықталды

13.01.2019, 10:08 194

ШҚО-да сапасыз азық-түліктің 289 түрі анықталды. Осыған орай 170 сауда орнының қожайындары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Шығыс Қазақстанға әкелінген азық-түліктер еліміздің техникалық регламентіне сәйкес келмейтін көрінеді. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті өнімдердің қауіпсіздігіне кезекті мониторинг барысында осындай тұжырымға келіп отыр.


Зертханалық тексеру өткізу үшін 527 сауда орнынан мамандар бір тонна азық-түлік сатып алған екен: ет, сүт, шырын, балық және шұжық тағамдары.


-Біз 5833 сынама алдық. Тексеруден өткізілген өнімдердің барлық түрі мәлімделген сапаға сәйкес емес екені анықталып отыр, - дейді ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Алена Кравченко.


Мысалы, 4 % -дық сүт өнімдерінің майлығы үш пайыздан да төмен болып шыққан. Ал шырындардың құрамында нитраттардың мөлшері артық екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив