Жаяу бұрқасын, көктайғақ: ШҚО-да ескерту жарияланды
Қазақстанның 11 облысында көктайғақ пен желдің күшеюіне байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
«14 қарашада Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыста, солтүстікте, орталықта секундына 15-20 метрге жетеді», - деп жазылған хабарламада.