ШҚО-да туризм саласына ерекше көңіл бөлінуде

ШҚО-ның бірқатар аудандарында туризм саласын дамыту үшін арнайы жобалар дайындалуда.
Аталмыш салада қандай жұмыстар жасалып жатқанын ШҚО әкімі Даниал Ахметов кеңес барысында айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қазір Жаңа Бұқтырмада маңызды эскиздік жоба дайындалып жатыр. Яғни, Осиновский асуын айналып өтетін "Өскемен-Алтай" тас жолы, Жаңа Бұқтырмадағы көшелерді жарықтандыру және абаттандыру, қызмет көрсету объектілерін салу, сондай-ақ жағалаудағы жаяу жүргіншілер аймағынан демалыс орталықтарына дейінгі жол. Ол жерде веложолдар мен түрлі құрылыстар қарастырылмақ.
Сонымен қатар, кентте үлгілік жоба бойынша мемлекеттік тілде оқытатын 200 орындық мектеп салу жоспарланып отыр.
Ал, Катонқарағай ауданында экологиялық туризмге баса назар аударуға арналған арнайы жобалар дайындалған.