KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
505.53 593.44 6.34

Өскеменде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті (видео)

17.04.2025, 16:15 397 Гульжан Мусина

17 сәуірде Өскемендегі «Арбат» демалыс орнында қала тұрғындары мен түлектерге арналған «Work Shop» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қаладағы демалыс орнына келген жұрттың қарасы қалың болды. Шараға 30-дан астам жұмыс беруші мен жергілікті оқу орындарының жоғары курс студенттері қатысты. Сонымен қатар, жұмыс іздеушілерге қалалық Мансап орталығы тарапынан 2000-нан астам кәсіп түрі ұсынылды.

– Аталмыш шара биылғы «Жұмысшы мамандықтарының жылы» аясында ұйымдастырылды. Партиямыздың бұл бағытта арнайы «Жастарға жұмыс» бағдарламасы бар. Бұл – колледж бен университеттің биылғы түлектеріне үлкен қолдау мен көмек. Сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының әрдайым сұраныста екенін анық көрсетіп, қоғамдағы орнын айқындай түседі, – дейді «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ ШҚОФ төрайымы Қорлан Тұғамбаева.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысқан университет пен колледждің биылғы түлектері жұмыс берушілермен сұхбаттасып, өздеріне қажетті ақпарат алды.

Арайлым Орсаринова
Фото/видео: Ермек Жиенбеков

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу