Келесі жыл қазіргіден де күрделі болуы мүмкін – Президент
Баға шарықтап, күн көру деңгейі қиындап барады. Келер жыл қазіргіден де қиын және күрделі болуы мүмкін.
Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.
- Жұртшылық Үкіметтің де, барлық деңгейдегі әкімдердің де жұмысына қатысты арыз-шағым айтуда. Халықтың сөзінің жаны бар. Өйткені шын мәнінде, күн көру қиындап барады, баға шарықтап өсуде. Қаладағы және ауылдағы тұрғындардың өмірі үшін аса маңызды инфрақұрылымның тозығы жеткен, тіпті, мүшкіл халде десек те артық емес. Мұндай кезде қол қусырып, жайбарақат отыруға болмайды. Осындай жағдай бәрімізге қауіп төндіретіні анық. Оның үстіне, келесі жыл қазіргіден де күрделі, қиын болуы әбден мүмкін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оқи отырыңыз
Кім кінәлі? Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың наразылығы туралы айттыТоқаев: МӘМС пен «СК Фармация» басшысы жұмыстан шығарылсынӘкімдердің жұмысы автомобиль жолдарының сапасы бойынша бағаланатын болдыПрезидент: Бюллетеньде "Бәріне қарсымын" деген жазу болуы керек Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге әлеуметтік желілермен жұмыс істеуді тапсырды