KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями Штиль
498.34 519.72 4.85

Тәуелсіздік күніне орай әлеуметтік нысандар ашылды – ШҚО

16.12.2022, 18:24 433 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстанда жаңа әлеуметтік нысандар ашылды.

ШҚО-да Тәуелсіздік күні мерекесіне орай рухани, мәдени-ағартушылық сипаттағы іс-шаралар мен бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандардың ашылуы өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Күршім ауданының Жолнұсқау ауылында 50 орындық жаңа мектеп бой көтерді. Ескі мектептің ғимараты 1971 жылы салынған екен. Жарты ғасырдан астам уақыт істеп тұрған бұл ғимарат апатты жағдайда деп танылған болатын. Ағымдағы жылдың сәуір айында облыстық бюджеттен жаңа заманауи мектеп салуға қаражат бөлінді.  

"Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы аясында Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында көпбалалы отбасыларға 14 үйдің кілті табысталды.

"Мен II топтағы мүгедекпін. Бүгін біз үшін өте қуанышты күн. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні біз жаңа тұрғын үйдің кілттерін алдық. ШҚО әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтың қолдауымен "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында мүмкіндігі шектеулі көптеген азаматтардың арманы орындалды. Баршаңызға, сондай-ақ үй құрылысына атсалысқандарға алғыс айтқым келеді. Әр қазақстандықтың өз баспанасы болсын! Тәуелсіз Қазақстанымыз өркендей берсін!", - деді Тарбағатай ауданының тұрғыны Бақытгүл Омарова.

Айта кетсек, бүгін облыс аумағында түрлі  семинарлар, дөңгелек үстелдер, қайырымдылық акциялары, көрмелер, сынып сағаттары секілді, жалпы саны 500-ден астам іс-шара өтті.

  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу