300 мың тонна май шығаратын зауыт іске қосылды – ШҚО
шартты сурет
Кейінгі жылдары агроөнеркәсіп саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген Шығыс өңірі төрт түліктің санын арттырып, ет пен сүт өндіру көлемін ұлғайтты.
Осыған орай аймақта май зауыттарының құрылысы қарқын алды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Шығысқазақстандық диқандардың майлы дақылдарды көптеп өсіруі дақылдың осы түрін қайта өңдеу саласына жіті назар аудару қажеттігін туындатты. Осыған орай, биыл облыста жылына 300 мың тонна күнбағыс майын шығаратын жаңа май зауыты іске қосылды.
Сондай-ақ жылына 50 мың тонна күнбағыс майын өндіре алатын тағы бір зауыттың құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл өсімдік майының экспортын үш есеге арттырып, тауар жеткізу сомасын 90 миллион долларға жеткізуге мүмкіндік береді.