KZ
Өскемен
+11°
небольшой проливной дождь жел 7 м/с, З
442.05 474.14 4.74

Қазақстанда 5G желісін кімдер қолданады?

26.12.2022, 21:02 378 Мадина Амангелдіқызы

Цифрлық даму министрлігі 5G-ді кімдер пайдаланатынын айтты.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Қазақстанда 5G желісін кімдер қолданатынын айтты, деп хабарлайды Altaynews Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Вице-министрдің айтуынша, алдағы уақытта 5G желісінің негізгі пайдаланушылары мүдделі тұлғалардың ішінен анықталады.

"Олар – жоғары жылдамдықты қажет ететін ірі бизнес абоненттері мен бейнероликтерді көп көретін және жақсы сапалы қарым-қатынасты қажет ететін әлеуметтік желі қолданушылары. Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс жоспарына сәйкес, 2022 жылдың соңына дейін бұл 5G желісін үш қалада — Алматы, Астана және Шымкентте іске қосу көзделіп отыр, 2025 жылға дейінгі кезеңде желілерді еліміздің барлық облыс орталығында  енгізу жоспарланды", - дейді Асхат Оразбек.

Желі үш мегаполисте, ең алдымен, халық көп шоғырланатын орындар, соның ішінде сауда орталықтарына жүргізіледі екен.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив