KZ
Өскемен
+10°
небольшая морось жел 5 м/с, СБ
518.57 566.59 6.05

ШҚО-дағы жұмыссыздық деңгейі республикалық деңгейден төмен

Фото: Шығыс ақпарат

30.12.2022, 14:50 685 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 4,8% – дан аспайды, ал ҚР бойынша - 4,9%.

ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаевтың қатысуымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясындағы тапсырмасын орындау мақсатында ұйымдастырылған брифингтерді Жаңа жыл қарсаңында облыс әкімнің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев аяқтады. Ол БАҚ өкілдерін өңірдің 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары туралы хабардар етті.

- Облыста экономика көрсеткіштерінің тұрақты және сапалы өсуі қамтамасыз етіледі. Жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 102,6% - ға, ауыл шаруашылығы - 103% - ға, құрылыс жұмыстары - 105,9% - ға, инвестициялар-106% - ға өседі, - дейді Алмасхан Бауыржанұлы.

Осы ретте мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер 1,3 есеге ұлғайған екен. Жалпы өңірлік өнім 103,5% өсіммен 3,5 трлн теңгеге жетеді.

- Орташа айлық жалақы 124% - ға өсіп, 276 мың теңгені құрады. Жұмыссыздық деңгейі 4,8% – дан аспайды, ал ҚР бойынша - 4,9%, - деп қорытындылады ШҚО әкімінің бірінші орынбасары.


 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу