KZ
Өскемен
+6°
туман жел 1 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Мемлекеттік рәміздерді қорлағандар 10 млн теңге айыппұл төлейді

22.01.2023, 11:02 468 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстанда мемлекеттік рәміздерді қорлағандар енді 3 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеуі мүмкін. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов айтты.

Мәдениет және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде мемлекеттік рәміздерді қорлауға қолданылатын жауапкершілік мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне жасап. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің «Мемлекеттік рәміздерді қорлау» 372-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Нәтижесінде, мемлекеттік рәміздерді қорлау дерегі үшін айыппұл 3 мың АЕК дейін ұлғайтылды және қоғамдық жұмыстарға тартудың мерзімі 900 сағатқа дейін арттырылды», - деді Нұрғиса Дәуешов.

Айта кетсек, биылдан бастап 1 АЕК – 3 450 теңге, ал 3 000 АЕК - 10 350 000 теңге.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив