Өскеменде алғаш рет жаңа автокөлік онлайн тіркелді
Бүгін Өскеменде алғаш рет жаңа автокөлік онлайн тіркелді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО бойынша "Азаматтарға арналған үкіметтің" баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, "SKODA KODIAQ"автокөлігінің иесі Кирилл Пискарев - Өскемен қаласының тұрғыны. Автокөлік "Бипек-Авто" автосалоны арқылы сатып алынған.
Автосалонда автокөлік сатып алғанда онлайн режимінде электрондық үкімет порталында тіркеуге болатынын еске саламыз.
- Ол үшін автокөлік сатып алу туралы келісім жасасқаннан кейін, автосалон өкілі egov.kz сайтында көлік құралын тіркеуге өтініш толтыруы керек. Қажетті құжаттарды тіркеу маңызды, автомобильдің VIN-кодын, сондай-ақ клиенттің ЖСН көрсететіп тіркейді. Бұл қосымша тапсырыс берушінің жеке кабинетіне жіберіледі. Сатып алушы осы өтініммен Жеке кабинетте танысу, өз автомобилі үшін мемлекеттік нөмірлік белгіні таңдау, мемлекеттік баж салығын және тіркеу алымын төлеу, бұдан әрі - өтінімді өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) қол қойып растау қажет, - дейді ШҚО бойынша "Азаматтарға арналған үкіметтің" баспасөз хатшысы Меруерт Заруетқызы.
Дайын техпаспортты және нөмірлік белгіні хабарлама алғаннан кейін жұмыс күндері мамандандырылған ХҚО-дан алады екен. Сондай-ақ, адам алдын ала ресімделген сенімхат бойынша құжаттарды және мемлекеттік нөмірді үйге жеткізу бойынша автосалон қызметін де пайдалана алады.
Автокөлікті онлайн тіркеу қызметі Қазақстан аумағында өндірілген көліктер үшін ғана емес, Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автомобильдер де үшін қолжетімді.