KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 1 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Тоқаев: Сенат айрықша рөл атқарады

26.01.2023, 12:00 276 Оразай Жеңісұлы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстан жаңа даму кезеңіне аяқ басқанын айтты.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Сенат құрамын жаңғырту үдерісі аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

«Өздеріңізге мәлім, еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Былтыр конституциялық реформаны қолға алдық. Ата Заңға аса маңызды өзгерістер енгіздік. Қараша айында Президент сайлауы өтті. Жуырда Сенат депутаттарының бір бөлігі сайланды. Сонымен қатар, менің жарлығыммен бірнеше сенатор тағайындалды. Осымен Сенаттың құрамын жаңғырту үдерісі аяқталды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, депутаттардың жартысына жуығы жаңарған. Мұнда әр аймақтың, соның ішінде жаңадан құрылған облыстардың өкілдері бар. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне арнайы квота берілді.

«Осылайша, Сенатта түрлі санаттағы қоғам өкілдері барынша қамтылды. Жалпы, бұл Палата мемлекеттік басқару саласында айрықша рөл атқарады. Оған Конституцияға сәйкес маңызды міндеттер жүктелген. Заң шығару қызметін сапалы атқару үшін барлық жағдай жасалған. Палата өз жұмысын абыроймен атқарып келе жатыр. Сенаторлар ауқымды реформаларды жүзеге асыруға белсене атсалысты. Осы орайда, баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Жаңа депутаттар Сенаттың қызметіне тың серпін береді деп сенемін», - деді Президент.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив