Сайлау-2023: Baqyla бақылаушыларды оқытады
Baqyla қоғамдық қозғалысы алдағы Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы қарсаңында еліміздің барлық өңірлерінен бақылаушыларды даярлау курстарын ұйымдастырып, 19 наурыз күні өтетін кезектен тыс сайлауда бақылаушылар тобын жасақтайды, деп хабарлайды Altaynews.kz.
«2019 жылдан кейін бақылаушыларға қайта дем біткен секілді. Белсенділік артып келе жатқанын бәріміз көріп отырмыз. 2019 жылы президент сайлауы кезінде бақылаушылар көп болды. Бірнеше ұйым дүниеге келді. Сайлаудан кейін әрбір аудандарда бақылаушылар пайда бола бастады. Былтырдан бері бақылаушыларды бір орталыққа үйлестіру бағытында жұмыстар жасалып жатыр. Менің, ойымша бұл өте дұрыс. Себебі кейде бір сайлау учаскесінде бес бақылаушы болса, екіншісінде ешкім жоқ. Үйлестіретін болсақ барлық сайлау учаскесін бақылау мүмкін болмақ», - деді саясаткер Дос Көшім Baqyla қоғамдық қозғалысының бастамашылары өткізген арнайы баспасөз жиынында.