KZ
Өскемен
-8°
небольшой снег жел 1 м/с, ОБ
523.86 544.34 5.11

ШҚО-да су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік мәселесі талқыланды

23.02.2023, 10:02 471 Ләззат Қанатқызы

ШҚО әкімі Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерімен кеңес өткізді.

Кеңес аясында су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Осы аптада синоптиктер жаңбыр жауады деп болжауда. Яғни су объектілеріндегі су деңгейі көтеріледі.

- Аяқтау сатысында барлық гидроқұрылыстарды тексеру, 713 су өткізу құрылыстары тазартылды, барлық техника жұмыс күйінде, эвакопункттерді жарақтандыру жұмыстары аяқталуда, жарылыс жұмыстарына ақша бөлінді. Жалпы, біз барлық әлсіз жерлерді білеміз және су тасқынын болдырмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу