Қалаға үш жүз қоқыс контейнері жетіспейді
Өскемен әкімдігінде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасып шығару, сұрыптау және қайта өңдеу мәселелері бойынша кеңес өтті.
Қалаға үш жүзден астам қоқыс контейнері жетіспейді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ал қолданыстағы контейнерлердің 534-і жөндеуді қажет етеді. Тағы 335 қоқыс жәшігінің дөңгелектері жоқ.
– Барлығы 305 контейнер жетіспейді. Соның 221-і қағаз және пластик сияқты сұрыпталған фракцияларға арналған контейнерлер болу керек. Контейнерлердің қажетті санын беру – әрбір қоқыс шығаратын компанияның міндеті, – деді қала әкімі Жақсылық Омар.
Оқи отырыңыз