KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 1 м/с, С
482.86 533.17 5.08

Елімізде шомылу маусымы ресми түрде 1 маусымнан басталады

Ашық дереккөздерден алынған сурет

27.04.2023, 11:35 393 Ләззат Қанатқызы

Еліміз бойынша шомылу маусымы ресми түрде 1 маусымнан бастап ашылады.

Қазір ел бойынша 50 мыңнан астам су айдыны бар, олардың негізгі бөлігі қорғалмаған, яғни шомылу үшін қауіпсіз емес. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин адамдардың қаза болуына жол бермеу үшін кешенді алдын алу шараларын қолданудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Өткен жылы су нысандарында адамдар жаппай демалатын, туризмге және спортқа рұқсат етілген 533 орын анықталды, оның 145-і – коммуналдық және 316-сы – жеке жағажай.

Шомылу маусымы басталғанға дейін (1 маусым) қосымша шомылуға рұқсат етілген тағы 133 орын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Сонымен, жүзуге арналған ресми орындардың саны 666 болмақ, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 25%-ға артық.

Өткен жылғы статистика көрсеткендей, 184 суға бату оқиғасының 116-сы (63%) ауылдық жерлерде тіркелген.

Шомылуға арналған ресми (рұқсат етілген) орындардың болмауына және қолданыстағы жағажайларға қолжетімділіктің болмауына байланысты, белгіленбеген жерлерде шомылуға жол бермеу туралы жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарына қарамастан, жергілікті тұрғындар, оның ішінде балалар суару каналдары мен арықтарда шомылуға мәжбүр.

Юрий Ильин қауіпсіздік ережелерін сақтау тұрғысынан табиғи және жасанды су айдындарында бекітілген жаппай демалыс орындарын тексеруді қысқа мерзімде ұйымдастыру қажеттілігіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар министр демалушылардың қауіпсіздік ережелерін бұзуына жол бермеу, тек қорғалатын су айдындарында демалу қажеттілігі туралы ақпаратты жан-жақты жеткізу үшін шомылу маусымы кезінде су айдындары мен стихиялық жағажайлардағы жаппай демалыс орындарында рейдтер мен патрульдеу ұйымдастыруды және өткізуді тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив