Алтай ауданында жер аударылғандар туралы кітаптың тұсаукесері өтті
Фото: Алтай ауданының әкімдігі
Алтай қаласында Шығыс Қазақстан облысының саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі өңірлік комиссияның №3 жұмыс тобының мүшесі Алдияр Аубакировтың «№ іс» кітабының тұсаукесері өтті.
Автор аталған еңбегінде қазақстандықтардың адамгершілігінің арқасында жаппай сұрапыл жер аудару жылдары қазақ жерінде екінші үйін тапқан немістер туралы баяндаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Айта кету керек, жақында ғана Алтай тұрғындарына «Письма в никуда» кітабы ұсынылған болатын. Екі кітаптың да негізі 1941-1945 жылдары ШҚО-ға жер аударылған неміс отбасыларының өкілдері мен автордың нақты фактілері, құжаттық куәліктері және жеке әңгімелері туралы.