KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 7 м/с, Ю
443.35 475.54 4.82

ШҚУ өрттен зардап шеккен отбасылардың балаларына грант бөледі

Фото: AMANZHOLOV UNIVERSITY

12.06.2023, 11:29 686 Ләззат Қанатқызы

AMANZHOLOV UNIVERSITY Абай облысында зардап шеккен отбасылардың балаларына 10 білім беру грантын бөлмек.

Сондай-ақ оқу орны ЖОО қызыл жалын кесірінен қиын жағдайға тап болған отбасыларына материалдық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кету керек, тілсіз жау салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза тапқан болатын. Жүздеген адам азық-түліксіз, құжатсыз, қаражатсыз қалды. 

 - Көрші Абай облысындағы өрт – елімізге түскен ауыр салмақ. Жалпыұлттық аза. Мұндайда әр азамат шетте қалмауы тиіс деп есептейміз. Ғылыми кеңес зардап шеккен отбасыларға 10 грант беру туралы шешім қабылдады. Университет ұжымы марқұмдардың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз, - деді оқу орны басшысы Мұхтар Төлеген.  

8 маусым күні басталған алапат өтті ауыздықтау әлі жалғасуда. Кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 12 маусымды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив