KZ
Өскемен
-1°
туман жел 4 м/с, ОБ
491.71 529.97 5.05

Абай облысындағы өртті сөндіруге Түркия мен Өзбекстан көмек ұсынған

Фото: t.me/qr_tjm

13.06.2023, 22:37 212 Оразай Жеңісұлы

Абай облысындағы өртті сөндіруге Түркия мен Өзбекстан көмек ұсынған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ өкілдерімен өткізген баспаөз мәслихатында мәлім болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Сыртқы істер министрлігінің желісі арқылы ондай ақпарат келіп түскен жоқ. Мүмкін, профильдік министрліктер арасында өздерінің келісімі бар шығар. Бірақ біз арқылы ондай көмек ұсынылған жоқ», - деді ол.

Ресми өкілдің айтуына қарағанда, апатты ауыздықтауға шамасы жетпей жатса, Қазақстан сырттан көмек сұрауға мәжбүр болады.

«Әзірше біз ондай көмек сұрап жатқан жоқпыз. Менің естуімше, 1-2 мемлекет көмек көрсетуге дайын екендерін білдірді. Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы телефон арқылы сөйлесті, біздің министр телефон арқылы сөйлесті», - деген Айбек Смадияров тілшілердің нақтылау сұрағына көмек ұсынған елдер Түркия мен Өзбекстан екенін растады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив