KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 2 м/с, СШ
479.05 534.57 5.17

1 шілдеден бастап ішімдік қымбаттайды

Фото: top-fon.com

14.06.2023, 10:24 433 Ләззат Қанатқызы

Қазақстанда 1 шілдеден бастап ішімдік бағасы қымбаттауы мүмкін.

Ашық НҚА порталында қаржы министрінің бөлшек саудада өткізу үшін араққа қойылатын шекті бағаны көтеру туралы бұйрығының жобасы жарияланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

1 шілдеден бастап 30 қыркүйекке дейінгі аралықта ішімдіктердің бөлшек саудадағы ең төменгі құны былай белгіленді:

– арақтар, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарының бір литрі – 1 980 теңге.

– коньяк пен брендидің бір литрі – 2 930 теңге.

Ал 1 қазаннан ішімдіктің ең арзан бағасы төмендегідей болмақ:

– арақтар, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарының бір литрі – 2 100 теңге;

– коньяк пен брендидің бір литрі – 3 110 теңге.

Қаржы министрінің бұйрығы 26 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін ведомство басшысына жолданады. Содан соң, яғни 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив