Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы белгіленді
Фото: alashainasy.kz
Ұлттық банк доллар мен рубльдің 14 шілдеге арналған бағамын белгіледі.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 443,40 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,92 теңге деп хабарлайды Altyanews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
13 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,90 теңгеге қымбаттап, 443,77 теңге болған.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443 – 447 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 444 – 446 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,91 – 5,01 аралығында саудаланып жатыр.