Қазақстанда дәрі-дәрмек 11% қымбаттады
Фото: inform.kz
ЕАЭО елдері арасында дәрі-дәрмек бағасының өсу қарқыны бойынша Қазақстан Қырғызстаннан кейін екінші орында.
Бір жыл ішінде (2022 жылдың мамырынан 2023 жылдың мамырына дейін) елімізде дәрі-дәрмек 11%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
14 шілдедегі Energyprom.kz порталының Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) хабарлауынша, ЕАЭО елдерінде дәрі-дәрмек жылына орташа алғанда 4,2%-ға қымбаттады, ал Қазақстанда бағаның өсуі шамамен үш есеге жоғары болған.
Өткен жылдың өзінде ЕЭК сарапшылары зерттеу жүргізіп, 50 дәрінің 30-ы Ресей Федерациясына қарағанда Қазақстанда қымбатырақ екенін анықтады.
2023-2024 жылдары басқа да рецептісіз берілетін дәрілік заттарға, ал 2024-2025 жылдары рецепт бойынша сатылатын дәрілік заттарға көтерме және бөлшек саудада бағаны реттеу жойылады. 2026 жылға қарай Қазақстанда мемлекеттік бағаны реттеу кепілдендірілген медициналық көмек пен міндетті медициналық сақтандыру жүйесі аясында ауруханалар үшін сатып алынатын дәрілерге ғана сақталады.
Тағы бір мәселе, Қазақстан негізінен Ресей мен Қытайдан келетін дәрі-дәрмек импортына тәуелді. Дегенмен, жеткізу құны бойынша Германия мен Үндістан көш бастап тұр. 2022 жылдан бастап Ресей Федерациясынан Қазақстанға дәрі-дәрмек жеткізу азайып келеді, бірақ Қытайдан, Франциядан, Беларусьтен және Польшадан импорттау көлемі артты.