Мүгедек жолаушыларға арналған 35 вагон сатып алынады

Фото: ult.kz
Қазақстан 2025-2029 жылдары Stadler компаниясынан 537 вагон сатып алуды жоспарлап отырса, олардың 35-і мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделеді. Бұл туралы "Қазақстан теміржолшысы" басылымы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне сүйеніп хабарлады.
2025-2029 жылдардың әрбірінде елге 6 арнайы вагоннан әкелінетін болса, 2030 жылы соңғы 5 вагон жеткізілуі тиіс. Мұндай вагондар көтергіш механизммен жабдықталады.
Басылымның дерегінше, қазір Қазақстанда 37 бағыт бойынша қатынайтын пойыздарда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған орындықтары бар 80 вагон бар. Оның ішінде "Тальго" пойыздарында – 20, стандартты пойыздарда 60 вагон. Олардың 28-і көтеру механизмімен жабдықталса, 52 вагонда мұндай құрылғы жоқ.