KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
492.22 529.38 5.03

ШҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізгі шаралары талқыланды

24.08.2023, 11:08 167

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында тамыз конференциясының секциялық отырысына қатысты. Облыстың білім беру мекемелері директорларының орынбасарларының қатысуымен өткен отырыста жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасында парасаттылық жүйесін қалыптастыру кезінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермейтін жаңа көзқарастары мен өмірлік қағидаттары бар өскелең ұрпақты тәрбиелеу аса маңызды рөл атқаратыны атап көрсетілген.
ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция басқармасының басшысы Архат Бейсембаев өз сөзінде жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамның, үкіметтің, білім берудің және ата-ана тәрбиесінің бірлескен күш-жігерін талап ететін күрделі міндет екенін атап өтті. Сондай-ақ ол білім беру мекемелерінің қызметкерлерін осы процеске көмектесетін негізгі шаралармен таныстырды.
Біріншісі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және ақпараттандыру. Түрлі тренингтер, семинарлар мен конференциялар жастарға өте пайдалы болуы мүмкін, бұл оларға сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарының зиянын, сыни тұрғыдан ойлау және түсіну дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Әрі қарай, жастарды қоғамдық және саяси процестерге тарту қажет. Жастар студенттік кеңестер, жастар ұйымдары және еріктілер бағдарламалары сияқты құралдармен танысуы керек. Мысалы, 2023 жылғы тамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын іске қосты, оның мақсаты бейжай қарамайтын азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, бизнес субъектілерін және квазимемлекеттік секторларды, сондай-ақ жастарды волонтер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға тарту.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру кезінде оң мысалдар, көшбасшылық бейнелері қажет. Ең алдымен, мұғалімдер, ата-аналар балаларға адалдық пен парасаттылықтың үлгісі болуы керек.
Бұқаралық ақпарат құралдары мен ақпараттық технологияларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру құралы ретінде пайдалануға болады. Мұнда ресми ақпарат беру, сыни ойлауды дамыту және шындықты өтіріктен ажыратуға көмектесу маңызды.
Жастарда құндылықтарды қалыптастыруда ең негізгі, шешуші рөлді отбасы атқарады. Ата-аналар өз іс-әрекеттерінің үлгісімен және балалармен диалог жүргізе отырып, жауапкершілік, адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қағидаттарын ілгерілетуге тиіс.
Іс-шара соңында пікір алмасып, қажетті материалдар үлестірілді. 

Кәмал Естай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив