ШҚО-да 45 кәсіпкер мемлекеттен грант алды
ШҚО-да өз бизнес идеяларын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттен 5 млн. теңгеге дейін грант алған кәсіпкерлермен кездесу өтті.
Өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге Ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттен қолдау көрсетілуде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Кездесудің басты мақсаты - кәсіпкерлердің жобаларды іске асыруы кезінде шарт талаптары мен ережелердің бұзылмауы. Кәсіпкерлермен диалог барысында грант қаражатын мақсатты пайдалану, жобаларды іске асыру мерзімі мен мониторингі талқыланды.
- Қыркүйек айында жарияланған конкурстың қорытындысы бойынша әр ауданнан келген, өз ісін жаңа бастаған 45 жас кәсіпкер грант иегері атанды. Жобалардың салалық құрылымында тамақ өнімдерін өндіру, спорт және білім беру, креативті экономика, туризм және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы жобалар басым, - дейді ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз