KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
494.84 537.4 5.58

Қазақстанда педофилдер өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Фото: news.myseldon.com

10.11.2023, 20:00 230 Ләззат Қанатқызы

Елімізде балалардың құқығын бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілмек.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Әділет министрлігінде өткен әйелдер мен балалардың құқығын қорғау мәселелеріне қатысты түзетулерді таныстырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Онда кәмелетке толмағандарды зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру стандарты ұсынылған.

- Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар туралы хабарламағаны үшін жаңа кодекс ұсынылып отыр. Жақын туыстары, көршілері және басқалары көбіне баланың құқығы бұзылғанын біледі. Бірақ мұндай ақпарат көбіне жасырын қалады, - деп атап өтті депутат.

Сонымен қатар, ұсыныстар қатарында кәмілетке толмағандарға зорлық көрсеткені үшін жазасын өтеп жатқан және бостандыққа шығатындар үшін өмір бойы пробациялық бақылауды енгізу де бар.

- Түрмеден босатылатын барлық педофилдер, тіпті пробациялық бақылау аяқталып, соттылығы жойылғаннан кейін де, қалған уақытында пробациялық бақылауда болуы керек деп санаймыз. Тұрғылықты жерін, жұмыс орнын ауыстырса, барлығы тиісті органдардың бақылауында болуы керек, - дейді Асхат Аймағамбетов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу