KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 3 м/с, В
488.26 530.54 5.03

Келер жылы зейнетақы тағайындау процесі өзгереді

фото: gov.kz

21.11.2023, 12:27 126 Оразай Жеңісұлы

Келер жылы зейнетақы тағайындау процесі өзгеріп, жаңа формат енгізілмек.

Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды Аltaynews.kz  сайтының тілшісі.

«Былтыр енгізілген цифрлық сервистер халық арасында ірі сұранысына ие болды. Әділет министрлігімен бірлесіп сенімхаттардың 5 пайызын цифрлық форматқа ауыстырдық. Бұл жұмыс жалғаса береді. Автокөлікті тіркеудің 55 пайызы онлайн форматта жүргізіледі. Бұл – Ішкі істер министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының ортақ жұмысы. Банктерде ипотеканың 67 пайызы онлайн тіркеледі. «Электрондық үкімет» әр азаматты туған күнімен құттықтауды немесе құжаттардың мерзімі аяқталып қалғаны туралы алдын-ала хабарлауды үйренді. Енді зейнетақы тағайындау процесі өзгертіледі. Келесі жылы мүлдем жаңа форматта жүргізіледі», - деді министр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив