KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
488.45 529.19 5.04

Экологиялық қауіпсіздік қатаң бақылауда болмақ

Бүгін, 10:30 1 Төлеуғазы Жансая

 

2018 жылы жеке инвестор «East Copper» ЖШС Тарбағатай ауданының «Қызыл қайың» кен орнында барлау жұмыстарын бастады. 2019-2020 жылдары пандемияға байланысты бұл жұмыстар уақытша тоқтатылып қалып, 2021 жылы қайта жалғасын тапқан болатын. Инвестордың  жобасына сәйкес, барлау жұмыстары 2028 жылға дейін жалғаспақ. Егер 2027-2028 жылдары пайдалы қазбалар қоры расталса, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу қолға алынып, 2028 жылдан бастап байыту комбинатын салу көзделуде. Бұл жоба іске асса, Тұғыл ауылының тұрғындары  тұрақты жұмыс орындарымен қамтылып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына оң әсерін тигізбек, - деп атап өтті  ауыл халқымен кездесуінде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Сапанов. 

Жиында Тұғыл ауылының тұрғындары «Қызыл қайың» кен орнында барлау жұмыстары кезінде қауіпсіздік шаралары сақталып, қоршаған ортаға, экологияға залал тигізілмеуін атқарушы билік қатаң бақылауда ұстаса деген тілегін білдіріп, ел өркендеуіне тамшыдай болсын үлес қосар іске қарсылық жоқтығын алға тартты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив