Шылым шегетіндер азайды
фото: mezgil.kz
Ranking деректеріне сүйенсек, ұлттық статистика бюросы биыл шілде айында табак тұтынатындар санын анықтаған.
Былтырғымен салыстырғанда зиянды әдеттен арылған немесе мүлде жоламағандар саны арта түскен, деп хабарлайды Аltaynews.kz сайтының тілшісі.
Сарапшылардың айтуынша, қорқор тартпайтындар 96,2 пайыздан, 96,4 пайызға, табак тұтынбайтындар 79,6 пайыздан 80,6 пайызға көбейген.
Ұлттық статистика бюросы 11,8 мың үйге сауалнамаға жүргізген көрінеді. Қатысқандардың 3,6%-і кальян шегеді: 0,4%-і – күнде, 3,2% - күн сайын емес. Темекіні респонденттердің 19,4%-і пайдаланады: 15,8% - күнде, 3,6% - кейде. Темекі шегетін еркектер үлесі – 36%, әйелдер – 8,5%.
Сондай-ақ қазақстандықтар арасында қағазға оралған темекі (255,5 мың), сигара (ораулы жуан шылым) мен сигарилла (234,8 мың), IQOS немесе GLO үлгісіндегі темекіні қыздыру құрылғысы (228,5 мың), электрон темекілер (136,5 мың), түтікше (74,9 мың) және қорқор (24,5 мың) танымал.
Өндірістік темекі, сигара мен сигарилланы әйелдерге қарағанда еркектер жиі тартады. Ал қағазға оралған, электрон темекі мен табакты қыздыру құралдарын ерлерге қарағанда әйелдер жиі пайдаланатын болып шықты. Ал қорқорға әуес ер мен әйел саны тең екен.
2023 жылдың қазанында елде темекі бағасы айына 2,1%-ке, жылына 20%-ке қымбаттады.