Алтай ауданында қоғам өкілдерімен кездесу өтті
Алтай ауданының Полянское ауылында қоғам белсенділерінің кездесуі ұйымдастырылды. Шараға облыстық және аудандық ардагерлер кеңестері, діни және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты, – деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» мақаласындағы басымдықтар талқыланып, қоғамдық келісімді сақтау, ұлттық бірлікті нығайту және алдағы жоспарлар сөз болды. Сондай-ақ, Жеңістің 80 жылдығына дайындық, экологиялық бастамалар және жастарды жұмысшы мамандықтарға тарту мәселелері қозғалды.
Аудан әкімі Ренат Құрманбаев 2024 жылдың қорытындыларын жариялап, 278 жоба жүзеге асырылғанын және алдағы жоспарларды атап өтті. Белсенді азаматтарға алғыс хаттар мен марапаттар табысталып, шара мерекелік концертпен қорытындыланды.