KZ
Өскемен
-27°
плотный туман Штиль
515.89 536.32 5.17

Шығысқазақстандық оқушы картоп өсіруге арналған биотыңайтқыш әзірледі

24.11.2023, 16:37 131 Оразай Жеңісұлы

Шығысқазақстандық оқушы картоп өсіруге арналған биотыңайтқыш әзірледі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ғылыми зерттеу жүргізу кезінде өңір мектептерімен де тығыз байланыста жұмыс істейді. Соның айқын көрінісі – дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің үшінші сынып оқушысы Нина Журавлеваның ерекше жобасы.

Оқушы өз мұғалімінің және университеттің ғылыми қызметкерінің жетекшілігімен картоп өсіретін биотыңайтқыш әзірледі.

– Мен өз жобам бойынша көк-жасыл «Spirulina» балдырын биотыңайтқыш ретінде қолдандым, – дейді бала-ғалым.

Облыс әкімі Ермек Көшербаев картоп негізінен Риддерде көп өсірілетінін, сол жақта эксперимент жасап көруге болатынын атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу