KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
480.55 533.75 5.36

"Дос-Мұқасан" тобының әншісі Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті

25.11.2023, 19:02 172 Назерке Каримова

Әнші, музыкант, «Дос-Мұқасан» ансамблінің солисті Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті. Суық хабарды әншінің қызы растаған.

Ақжол Мейірбеков 1950 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген. 1978 жылы «Дос-Мұқасан» ансамбліне қабылданады да, 1985-1994 жылдары Алматы облыстық филармониясының «Арқас», «Сазген», «Адырна» ансамбльдерінде ән салған. Әнші 1994-1996 жылдары «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болды.

Ал 2001 жылы «Ақжол» ән-театрын құрды. Музыкант 2010 жылы қайтадан «Дос-Мұқасан» тобына оралып, осы күнге дейін ансамблдің әншісі болды.

Ол Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, құрмет орденінің иегері және ерен еңбегі үшін медалінің иегері атағына ие.

Мейірбеков Шарипа ханымға үйленіп, сол некесінен 1 қыз, 2 ұл сүйді. Луиза, Сұлтан және Тимур есімді балаларынан 8 немере мен 1 шөбере көрді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив