Былтыр ШҚО-да орташа жалақы 286 мың теңгені құраған
Фото: Ермек Имангазинов
31 мамырда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті үшінші сессиясының отырысы өтті.
Аймақ басшысы Даниал Ахметов қатысқан жиында бірнеше мәселе қаралып, шешім шығарылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сессия отырысында 2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп бекітіліп, аймақ әкімі 2022 жылғы облыстық бюджеттің жұмсалуы және өңірде атқарылған шаруалар туралы баяндады.
Әкім сонымен қатар нақты сектордағы негізгі индикаторлар орындалғанын да жеткізді. Өнеркәсіп өндірісі 102%-ға өсті, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі көрсеткіш 108%-ға өскен. Салынған инвестиция көлемі 545 млрд теңгені құрады.
Сонымен қатар «Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарды» іске асыру қорытындылары туралы айтылды.