KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
530.12 546.08 5.17

ШҚО әкімі: Риддер ЖЭО-ны жаңғырту жұмыстары толық аяқталды

30.11.2023, 12:41 172

Риддер қаласының жылу-энергия орталығын жаңғырту жұмыстары толық аяқталды, қазандықтар қалыпты жұмыс істеп тұр, үйлерге жылу берілуде.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының 2023 жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында аймақ басышысы Ермек Көшербаев мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

–    Риддер қаласында мен дүйсенбі күні болдым. Жылу қазандығы жұмыс істеп тұр. Халықпен кездестім, арыз-шағым жоқ. Үйлердің жылуы қалыпты деңгейде. Ең бастысы, жылу маусымына дейін жөндеу жұмыстарын аяқтап үлгердік, – деді Ермек Көшербаев. – Мен тағайындалғаннан кейін ең алдымен Риддер ЖЭО-ға бардым. Мамандардың кәсібилігі мен үйлесімді іс-әрекетінің арқасында біз негізгі жұмыстарды аяқтай алдық. 


Естеріңізге салар болсақ, Риддер ЖЭО-ны жөндеуге Үкімет қаржы берген болатын. Сонымен қатар облыстық бюджеттен де қаражат бөлінді. Осының арқасында негізгі қондырғылар жөнделіп, жаңғыртылды. 
Бүгінгі таңда барлық 6 қазандық агрегатын және қажетті инфрақұрылымды жөндеу жұмыстары аяқталып отыр. Қаланы жылумен жабдықтау температуралық кестеге сәйкес жүзеге асуда. Қазір 1 жоғары қысымды және 2 орташа қысымды қазандық жұмыс істеп тұр. 3 қазандық – резервте. 15 желтоқсанға дейін іске қосу-реттеу жұмыстары толық аяқталуға тиіс.
Қазан айында ЖЭО Риддер қаласының коммуналдық меншігіне қабылданды. Станция отынның қажетті қорымен қамтамасыз етілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу