KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

ШҚО әкімі Риддер ЖЭО-ны жөндейтін мердігерлермен кездесті

Фото: Облыс әкімінің парақшасынан алынды

19.06.2023, 09:28 202

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Риддер ЖЭО-ға барып, онда жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігерлермен кездесті.

Әкім қазір барлық жұмыс кестеге сай жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  "Бүгін мен өңіріміздегі маңызды нысандардың бірі – Риддер жылу электр орталығында жөндеу және жаңғырту жұмыстарын жүргізетін мердігерлермен кездесу өткіздім. Екі ауысымда жылу орталықтарында 170-тен астам адам жұмыс істейді, олар станцияның алдағы жұмысына шынымен жаны ашитын мамандар мен құрылысшылар. 5 шілдеде ЖЭО-ға қазандық агрегаттарына арналған жабдықтар келеді. Қазір барлық жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде. Біз талқылаған түзетулер бар және оларды жұмыс жоспарына енгізетін боламыз. Басты міндет – жылу беру маусымына ЖЭО-дағы қайта жаңғыртуды аяқтау және қаланы жылумен қамтамасыз ету. Алғашқы күннен бастап ЖЭО-да жөндеу жұмыстарын техникалық қадағалау мамандары бақылауда. Күл үйіндісі энергетиктерді алаңдатуда, ол бойынша жұмыстарды ЖЭО-ның бұрынғы иелері бастап, соңына дейін аяқтамаған. 3 күн ішінде Жылу орталығының бас директоры Игорь Михайленко оны тазарту мен қайта құрудың жүйелі жоспарын ұсынатын болады", – деп жазылған облыс әкімінің парақшасында.

Әкім сонымен қатар ЖЭО қызметкерлері мен риддерліктерге алғыс білдірді.

  "Мен Риддер қаласы тұрғындарының игілігі үшін аянбай еңбек етіп жатқан жылу электр орталығының қызметкерлеріне, сондай-ақ шыдамдылық пен түсінушілік танытқан риддерліктерге шынайы алғыс білдірдім", – деп жазылған хабарламада.
 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив