KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями Штиль
498.34 519.72 4.85

"Алтай" көтерме-тарату орталығы базарға айналмайды – ШҚО әкімі

30.11.2023, 13:58 192 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығында салынып жатқан «Алтай» көтерме-тарату орталығы базарға айналмайды. Тілшілер сауалына жауап берген өңір басшысы Ермек Көшербаев осылай деді.

Жобаның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы өнімдерін сапалы күйде сақтап, ішінара өңдеп, фермерден тұтынушыға делдалсыз сатуға мүмкіндік туғызу, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

– Жалпы, облыс орталығында бірнеше шағын базар бар. Бірақ соның өзінде қарапайым шаруалар өнімдерін өткізу үшін делдалға жүгінуге мәжбүр. Әлбетте, бұл заңға томпақ әрекет емес. Дегенмен өндірісті тежейді. Бағаның құбылуына да әсер етеді. Ал «Алтай» көтерме-тарату орталығы салынса, мұндай жағдайдың алдын алуға болады. Екі көкөніс қоймасы салынады. Мұның әрқайсына 45 тонна өнім сақтауға болады. Бұл өндірушілер үшін зор мүмкіндік, – деді облыс әкімі.

Көтерме-тарату орталығына өнім, ең бірінші, аудандардан жеткізіледі. Ай сайын 450 тонна ет және балық өнімдерін, 3 мың тоннаға жуық көкөніс, 570 тонна сүт өнімдерін жеткізу жоспарланған. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу