Тағы да жол апаты: Қоғамдық көліктегі жолаушы жарақат алды
фото: avesta-news.kz
Облыс орталығында қоғамдық көлік пен жүк көлігі соқтығысты. Соның салдарынан автобустағы жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Оқиға 4 желтоқсанда Қабанбай батыр көшесінде болған.
– Жол апаты «MАЗ» маркалы көлік жүргізушісінің қателігінен болған. Ол метеорологиялық жағдайды ескермей, жылдамдықты асырып жіберген. Соның кесірінен тоқтап тұрған автобусқа соғылған. Қоғамдық көліктегі жолаушылардың бірі жарақат алды, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жолаушының денсаулығына қаншалықты зиян келгені сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.
Оқи отырыңыз